Областной семинар-практикум для директоров школ » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 1 им. Чернышевского»
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя общеобразовательная школа №1 им.Чернышевского»
ГУ"Отдел образования города Семей
Приемная :
+7(7222) 36-04-73
Бухгалтерия:
+7(7222) 52-20-18
Версия для
слабовидящих
» » Областной семинар-практикум для директоров школ
02
March
2024

Областной семинар-практикум для директоров школ

Мектептің бас мұғалімі, ол кім? Оның мағынасы неде? Оқу процесін қалай тиімді басқарып оқыту тәжірибесін жақсартуға болады? Неліктен әрбір жаңа басшы мектепке бастық немесе директор ретінде емес, мұғалім ретінде келуі керек? Белгіленген мәселелерді шешу үшін мектеп басшысы қандай кәсіби құзыреттерге ие болуы керек?

Бұл сұрақтарға 2024 жылдың 2 наурызында “Н. Г. Чернышевский атындағы № 1 орта мектебінде өткен “Зерттеу жұмысы мұғалім мен мектепті дамыту құралы ретінде” мектеп директорларына арналған облыстық семинар-практикумға қатысушылар жауап беруге тырысты. Бұл семинар Абай облысының білім басқармасы , Семей қаласының білім бөлімі, Ulttyq USTAZ-онлайн академиясы, Абай облысы бойынша “Өрлеу” БАҰО АҚ өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Мектеп директоры Г. Т. Төлеубаева бүгін “Мектептің білім беру кеңістігінің ресурстарын жедел және тиімді бөлуге және басқаруға дайын заманауи көпфункционалды білім беру жүйесін құру қажет” деп атап өтті және “Инжинерлік мектеп”жаңа моделі туралы айтты.

Сондай-ақ, қатысушылар үш диалог алаңына қатысты: “Дарынды балалардың зияткерлік әлеуеті мен зерттеу дағдыларын дамыту: тиімді жұмыс стратегиялары мен әдістері”, “Мектептегі зерттеу жұмысы: зерттеуші - мұғалімнен оқушы-зерттеушіге”, “Мектептегі тәрбие жұмысы болашаққа бастар әлеуметтік баспалдақ ретінде”. Дарынды балалармен жұмыс, зерттеу қызметін дамыту перспективалары, тәрбие жұмысындағы жобалар – осы мәселелердің барлығын мектептің үздік мұғалімдері қарастырып өтті: Л. С. Культуманова, Е. В. Шаповалова, Н. В. Фадина, Н. Г. Слепцова, О. Н. Сускина, В. Е. Пешкова, В. В. Полевик, Ю. А. Ткач, И В. Мухутдинова, И. М. Резниченко, А. С. Караваева, О. Г. Михеева, В. В. Якушев, Ж. Н. Кушерханова, А. Г. Буркутова, С. А Николаенко, З. Р. Бехтольд, З. Т. Өтепова.