29
декабрь
2025
Педагогический совет
29 желтоқсан 2025 жылы Н. Г. Чернышевский атындағы №1 орта мектепте«“Адал азамат” бағдарламасын жүзеге асыру – білім алушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың негізі: мектеп, отбасы және педагогтердің өзара іс-қимылы» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес барысында білім алушылардың адамгершілік тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер, адалдық, жауапкершілік, отбасыға, қоғамға және Отанға құрмет сияқты құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ мектептің тәрбие жүйесіндегі «Адал азамат» бағдарламасының рөлі қарастырылды. Сөз сөйлегендер «Адал азамат» бағдарламасын сабақта және сабақтан тыс уақытта жүзеге асырудағы практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, білім алушылармен жұмыс жүргізудің түрлері мен әдістері, ата-аналармен өзара іс-қимылдың нәтижелері туралы баяндады. Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша педагогикалық тәжірибе алмасудың маңыздылығы атап өтіліп, «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру бағытындағы мақсатты жұмысты жалғастыру қажеттігі көрсетілді.













